Атырау, 29 қазан 22:29
 дождьВ Атырау +12.3
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

​ТМД елдері жемқорлықпен бірге күреседі

1 415 рет қаралды

Сенат Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісімін ратификациялады.

Мақұлданған заң сыбайлас жемқорлық қылмыстарына бірлесіп қарсы тұруға, заңсыз тапқан табысты іздестіруге және қайтаруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қатысты адамдарды қорғауға бағытталған.

Келісім аясында ТМД елдері деректерді жедел алмасып, бірлескен тергеу жүргізіп, күдіктілерді экстрадициялауға мүмкіндік алады.

20 наурыз 2025, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.