Атырау, 22 наурыз 1841
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Тұрғызба ауылы су басу қаупіне байланысты тәулік бойы бақылауға алынды

Бейнежазба
591 просмотра

Аудандағы Жем өзенінің бойында орналасқан Тұрғызба ауылы тұсында тасқынның алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейді. 

Күні бүгінде жаға бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған аумақта Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар саласының 55 қызметкері мен 30 әскери сарбаз көмекке келіп, жаға бекіту жұмыстарына кірісіп кеткен.Жасалынған әр бөгетке тәулік бойы кезекшілік қойылып, бақылауға алынған көрінеді.

Мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындар  мен кәсіпкерлерге де алдын-ала хабарландыру таратылған. Онда малдарды тасқын суынан қорғалған, биік жерлерге немесе қауіпсіз жерге көшіру қажеттігі ескертілген. Күні бүгінде қауіпті деген учаскелердегі малдарды көшіру ұйымдастырылуда.  Қауіпсіз аймақтарда тұрғызылған бөгеттерге байланысты малдардың су ішуі үшін арнайы орын дайындалған.

Жалпы ауданға Атырау облысынан 150 сарбаз келуі тиіс. Олар жағдайды күндіз-түні бақылауда ұстайтын болады

- Аудандағы мемлекеттік және коммуналдық мекемелердегі, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің қатысымен кезекшілік ұйымдастырылуда. Олар үнемі жағдайда бақылауда ұстайтын болады,-дейді аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис АЙШУАҚОВА. 

Ал аудан әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ тікұшақпен жағдайды барлап келетіні жөнінде әлеуметтік желіде хабарлама берген. Бүгінде Жем өзеніне қардың қызылсуы келіп жатыр.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 наурыз, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16