Атырау, 22 наурыз 0251
 бұлттыВ Атырау +8
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

​Құрманғазыда шаруалар түптереңдету жұмыстарының шаруашылыққа зияны тиеді деп алаңдап отыр

415 просмотра

Құрманғазы ауданында өзен мен каналдарды түптереңдету жұмысы жүріп жатыр. Алайда "шаруашылығымызға зияны тиіп, жеріміз бүлінуде" деп дабыл қағылуда.

- Мен Бөкейхан ауылына қарасты жерде көптен мал шаруашылығымен айналысып келемін. Каналдарды түптереңдету жұмысы жүргелі берекет кетті. Осы жұмысты атқарушы мердігер каналдың ішіндегі топырақты тек жиегі емес, біраз жерге дейін жайып жатыр. 45 гектар жерді 49 жылға жалға алғанымын. Топырақ төселген жерге енді шөп шықпайды, енді оған пайдасыз ошаған қаптайды. Шабындық жерлерді бүлдіріп жатыр. Өткен жылы ауданға облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ келгенде осы жайды айтқанмын, ол "жұмыс жасалсын, бірақ шаруашылықтарға зияны тимеуі тиіс" деп кеткен болатын. Алайда әкімнің айтқаны орындалып жатырған жоқ. Тоқ етері, біздің жерімізді бүлдірмесін, болашақта ол жер эррозияға ұшырайды, - дейді "Исмагулов" ШҚ басшысы Айболат ИСМАГУЛОВ

Шаруа амалы жоқтықтан облыстың жауапты органдарына егов арқылы өтініш хат жіберген. Бірақ одан да нақты жауап ала алмай отырғанын жеткізді. 

Біз осы жай негізінде аудан әкімшілігіне хабарласқанбыз. 

- 2022 жылдан бері "Павлодар өзен порты" АҚ өзен мен каналдарды түптереңдету жұмысымен айналысуда. Жалпы 99,9 км жұмысы атқарылуы тиіс. Осы жылдың аяғында жұмысты толық аяқтап бітірмекші. "Исмагулов" ШҚ өткен жылдан жерімізді бүлдіріп жатыр дейді. "Қызылөзек" каналын түптереңдету жұмысы жүріп жатыр. Каналдан шыққан топырақты тасу шығын болғандықтан жан-жағына жаю қарастырылған. Негізі санитарлық зонасы 35 метр. Қазғаннан шыққан топырақты сантитарлық зонасынан аспай жайып жатыр, - дейді аудан әкімі Абат ЖАНҒАЛИЕВ

- Отап жатқан ағаштардың сұрауы бар ма?

- Неге жоқ. Мердігер өз міндетіне алған, бір теректі жұлса, оның орнына 10 ағаш егілуі тиіс. Оны мердігер жұмыс аяқталғасын атқарады. Жалпы 800 түп ағашты егіп беруі тиіс, - деді әкім.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 наурыз, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16