Атырау, 20 наурыз 2213
 ашықВ Атырау +2
$ 500.32
€ 545.30
₽ 6.00

Атырауда​ ​«Жаңару күні» аясында 300 тал егілді

Сурет
353 просмотра

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңару» және жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында шаған талдары егілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағаштар «Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығы», №7 қалалық емхана, №44 мектеп-гимназиясы, №15 орта мектеп, сондай-ақ Авангард ПИК аулаларында және Самал ықшамауданына отырғызылды.

- Бүгін әр қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін «Жаңару күні» тойлануда. Бұл акция әрі қарай да жалғасын таппақ. 20 наурыз бен 20 сәуір аралығында тазалыққа басым назар аударылады, оған алдағы уақытқа түрлі жоспар құрдық. Атап айтсақ, сенбіліктер, білім беру ошақтарында экологиялық мәдениетті арттыруға арналған түрлі сабақтар мен кездесулер. Сонымен қатар таза аула, таза қала, таза аудан, таза көше және тағы да басқа номинациялармен конкурс өтеді, - деді Атырау қалалық мәслихат депутаты Мейрамгүл Есниязова.

Сондай-ақ Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Шаңырақ» балалар үйінде «Бұл менің ағашым» акциясы өтті. Балаларға табиғатқа деген қамқорлықты, жауапкершілікті үйрету және ағаштарды күтіп-баптау арқылы еңбекке деген қызығушылықтарын ояту мақсатында аулаға 100 жеміс ағашы егілді.

Кеше, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16