
Ішкі істер министрлігі заңсыз қару айналымына қарсы күресті және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруларды тәркілеу жұмыстарын жалғастырып келеді.
2025 жылдың басынан бері полиция 664 қару, 54 граната және 8 мыңға жуық оқ-дәріні тәркілеген.
Соңғы үш жылда 8 541 түрлі қару, 870 граната мен 118 246 оқ-дәрі тәркіленген. Сонымен қатар 772 жасырын орнында 2 316 қару табылған.
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 1 263 қару анықталды, ал қалған 7 278 қарудың нөмірлерін қасақана жойғаны белгілі болды. Оларға қатысты тиісті сараптамалар жүргізілуде.
Бұл жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда, деп мәлімдеді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.