
Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы жеке кәсіпкер ретінде әрекет етіп, тиісті тіркеусіз заңсыз жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған.Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толықтай мойындады.
Сот қаулысымен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 41 283 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.