
Ауданда Жаңару күні мерекесіне орай тал-терек отырғызылды.
Бұл іске мемлекеттік орган қызметкерлері, белсенді жастар, табиғат жанашырлары және басқа да мекеме қызметкерлері жұмыла атсалысып, ауданның бірнеше ықшам ауданына мыңнан аса көшет екті. Акцияға аудан бойынша 500-ден астам адам, 11 техника жұмылдырылды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі қызметі.
- Құрманғазы ауданында Жаңару күніне орай терек егу акциясы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда аудан орталығы Құрылысшылар ықшам ауданына мекеме қызметкерлерінің қатысуымен 700 тал-терек отырғызды. Сондай-ақ ауылдық округтерде ғимарат аумақтарына әрбір мекеме басшыларының қатысуымен теректер егілуде. Аталған талдарды күтіп-ұстау округ әкімдігі арқылы жүргізіледі,- деді Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Муса.
– Жалпы, аудан бойынша 2025 жылы 12 мың түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Оның 6 мыңы көктемде, қалғаны күзде егіледі. Көгалдандыру жұмыстарын 19 ауданның басқармалары жүргізіп жатыр. Отырғызылатын ағаштардың ішінде үйеңкі, терек, қарағаш және басқа да жергілікті жағдайға бейімделген түрлер болады, дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Руслан СИРАЖЕВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА