
18 наурыз күні Семей қаласында төрт жылқы көлік жүретін жолға шығып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейнебақылау камералары арқылы жағдайды бақылаған полиция жедел әрекет етіп, оқиға орнына патрульдік және учаскелік инспекторларды жіберді. Көп ұзамай жылқылардың иесі анықталды.
Азаматқа мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынып, ол 3 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
- Малды арнайы белгіленген жайылымдарда ғана бағу керек. Бұл жол-көлік оқиғалары мен басқа да келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі, - деп ескертті полициядан.