Атырау, 21 наурыз 0037
 ашықВ Атырау +7
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Заң бұзған жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды

285 просмотра

Елордадағы "Қызылжар" бекетінде мемлекеттік нөмірсіз жүк автокөлік құралын басқару дерегі тіркелді, деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті.  

Сондай-ақ жүргізуші көліктік бақылау инспекторының автокөлік құралын тоқтату туралы талабын елемеген. 

Нәтижесінде жүргізуші жауапқа тартылып, үш тәулікке қамауға алынды. Одан басқа, жоғарыда сөз етілген тасымалдаушыға 50 тоннадан астам жүк тиегені үшін, сонымен қатар арнайы тауар-көліктік жүкқұжатының және жол парағының болмауы үшін 2 млн.тг жуық айыппұл салынды.

ҚР Көлік министрлігі автокөлік құралдарымен жүк тасымалдаудың негізгі ережелерін еске салады.

  • Мемлекеттік нөмірсіз автокөлік құралдарын басқаруға Заңмен тыйым салынған.
  • Көліктік бақылау инспекторларының заңды талаптарын орындамау – қатаң жазаға әкеп соғады.
  • Жол қозғалысы ережелерін ғана қатаң түрде сақтап қоймай, сонымен қатар жұмыс уақыты мен демалыс режимін де сақтау қажет.
  • Автокөлік құралдарының белгіленген салмақтық параметрлерінен асатын жүктерді тасымалдауға тыйым салынады.

Аталған нормаларды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Осылайша, автокөлік құралдарының рұқсат етілген массасы төменде келтірілген нормадан (тоннамен) аспауы тиіс:

1. үш осьті (М3 санатындағы буынды автобустарды қоспағанда) – 25 тонна;
2. төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осі бар – 32 тонна;
3. бес осьті – 38 тонна;
4. алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна.

19 наурыз, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16