Атырау, 20 наурыз 2346
 ашықВ Атырау +7
$ 500.32
€ 545.30
₽ 6.00

Түркияда әлеуметтік желілерге шектеу қойылып, кейбір станциялар жабылды

270 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Түркияда Стамбұл мэрі Экрем Имамоглу ұсталғаннан кейін X, YouTube, TikTok және Instagram әлеуметтік желілеріне қолжетімділік шектелді. Бұл туралы NetBlocks мониторинг ресурсы мәлімдеді.

«Расталды: қазіргі мәліметтер бойынша, Түркия X, YouTube, Instagram және TikTok сияқты бірнеше әлеуметтік медиа платформаларға қолжетімділікті шектеді; бұл оқиға Стамбұл мэрі Экрем Имамоглу және тағы ондаған адамның ұсталуынан кейін болды»,- делінген хабарламада.

Экрем Имамоглу ұсталған соң билік қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 19-23 наурыз аралығында митингілер мен шерулерге тыйым салатынын хабарлады. Осыдан кейін Стамбулдағы Таксимге баратын метро станциялары жабылды.

Тыйым аясында кейбір көшелер көлік қозғалысы үшін жабылды.

19 наурызда Түркия полициясы Имамоглуны сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу аясында ұстады. Оның үйінде тінту жүргізіліп, кейін ол медициналық тексеруден өтіп, сотқа жеткізілді.

Имамоглу оппозициялық көзқарастарымен танымал және жақында оның Стамбұл университетіндегі дипломы Бас прокуратураның сұрауы бойынша жойылған болатын.

Кеше, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16