
АҚШ-тың Ұлттық мұрағаттар мен құжаттар басқармасының сайтында Кеннедидің өлтірілуіне қатысты мыңнан астам құжат жарияланып, жұртшылыққа қолжетімді болды, деп хабарлайды АА.
Америка Құрама Штаттарында бұрынғы президент Джон Кеннедидің өлтірілуіне қатысты жалпы көлемі шамамен 80 000 беттен тұратын құжаттар құпиясыздандырылды.
Бұған дейін кісі өлтіруге қатысты құжаттарды зерттеген сарапшылар америкалық БАҚ-қа жақында жарияланған материалдарда аса бір таңқалдыратындай нәрсе болуы екіталай деп мәлімдеген.
Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп құжаттардың жарияланғанын мәлімдеп, жұртшылықтың «оны ондаған жылдар бойы күткенін» атап өтті.
Кеннедиді өлтірілуіне қатысты құжаттар туралы жарлыққа Трамп 23 қаңтарда қол қойды.
Жарлық сонымен қатар Кеннедидің өлтірілуіне ғана емес, оның ағасы Роберт Ф. Кеннеди мен Мартин Лютер Кингтің де өлтірілуіне қатысты барлық құжаттарды жария етуді қарастырады.