Атырау, 30 наурыз 0156
 бұлттыВ Атырау +15
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

ҚМГ мен Tecnicas Reunidas Полиэтилен жобасын іске асыру барысын талқылады

731 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов испан компаниясы Tecnicas Reunidas төрағасы Хуан Лиадомен кездесті, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі.  

Тараптар Қазақстандағы ең ірі газ-химия жобаларының бірі — Атырау облысындағы қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  

ҚМГ басшысы былтыр қыркүйекте ЕРС-келісімшартқа қол қойғаннан бастап Tecnicas Reunidas компаниясы Sinopec Engineering Incorporation-мен (ҚХР) бірлесіп пиролиз қондырғыcының құрылысына дайындық барысында ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті.  

Ол жұмыстың нәтижесі бойынша ұзақ мерзімде дайындалатын негізгі жабдықтарға (44 бірлік) тапсырыс берілді, оның ішінде Атыраунефтемашқа берілген екі үлкен баған тапсырысы бар.  

Жалпы құрылыс жұмыстарына тиісті топтар жұмылдырылды, қазаншұңқырларды қазу жұмыстары басталды, сондай-ақ құрылысқа қажет қадаларға (15 мың қағылатын қада мен 1 мың бұрғылау-орнату қадасына) тапсырыс берілді.  

Бұдан бөлек А.Хасенов жобалау және құрылыс жұмыстарында қазақстандық қамту үлесін ұлғайтудың маңызын баса айтты.   2024 жылдың қараша айында Tecnicas Reunidas жоба операторы — «Силлено» ЖШС-мен жергілікті қамтуды ұлғайту бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында қазақстандық жоғары оқу орындарының инженер мамандықтарында білім алатын 30 түлекті Испанияда оқыту бойынша бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Түлектер әрі қарай Tecnicas Reunidas компаниясында еңбек етуге мүмкіндік алады. Бағдарлама 4 жылға арналған.   Tecnicas Reunidas компаниясының Астанада өңірлік орталығы ашылды. Компания жергілікті қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен оларды оқытуға басымдық беруге ниетті.  

Естеріңізге сала кетсек, Атырау облысында полиэтилен өндіру зауытын салу кезінде 8 мыңнан астам уақытша және пайдалану кезеңінде 800-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылмақ.  

19 наурыз, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16