Атырау, 20 наурыз 20:25
 ашықВ Атырау +2
$ 500.32
€ 545.30
₽ 6.00

"Еңбектің" бұрынғы басшылары 449 млн теңге жымқырды деп айыпталуда

Бейнежазба
254 просмотра
Видеодан алынған кадр

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Еңбек» РММ филиалының бұрынғы басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде. 

2021-2023 жылдары РММ және оның аймақтық филиалы  «бір көзден сатып алу» әдісімен киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын жеткізуге 23 келісім-шарт жасаған.

Алайда, тауарлар жеткізілмеген, 449 млн теңге бюджет қаражаты ұрланған.

Қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында күдіктілер заңмен белгіленген ақшаны қолма-қол айналдыру шегін айналып өтіп, кәсіби ақша жылыстатушының қызметін пайдаланған.

Ол ақшаны бөліп, өзінің бақылауындағы 4 жеке кәсіпкердің атынан киім және аяқ киім тігуге арналған тауар жеткізу туралы жалған келісімдер жасаған.

Аталған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 122 млн теңге  қаражат қолма қол ақшаға айналған.

Қылмыстық табыстарға Алматы қаласынан жеке үй мен «BMW X6» автокөлігі сатып алынған, оларды ықтимал тәркілеуден жасыру үшін сенімді тұлғаларға ресімдеген.

Аталған мүлікке соттың санкциясымен тыйым салынды.

Күдіктілер 2 айға қамауға алынды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.


Кеше, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.