Атырау, 20 наурыз 16:36
 ашықВ Атырау +5
$ 500.32
€ 545.30
₽ 6.00

Павлодар, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстық соттарының жаңа төрағалары тағайындалды

Сурет
248 просмотра

Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина және Аслан Түкиев Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстық соттарының жаңадан тағайындалған төрағаларын сот қауымдастығына таныстырдыОлар тиісінше Азат Ізбасаров, Мақсұт Текетаев және Серік Төлегенов болды.

Кездесулерге облыстың судьялары, мемлекет және құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері және Сот әкімшілігі департаменттерінің өкілдері қатысты.

Спикерлер жаңадан тағайындалған сот төрағаларының сот жүйесіндегі көпжылдық тәжірибелерін, жоғары біліктіліктерін, беделдері мен ұйымдастырушылық қабілеттерін атап өтті. Олардың алдына соттарда сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру - бірінші кезектегі міндет ретінде қойылды.

 

Биографиялық анықтамадан:
 
Азат Өмірбекұлы Ізбасаров 1978 жылы Алматы облысы Текелі ауылында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.

1999-2009 жылдары — Алматы қаласы және Алматы облысы ІІД-нің тергеушісі, тергеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған;

2009-2018 жылдары — Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

2018-2021 жылдары — Маңғыстау облыстық сотының судьясы;

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

 
Мақсұт Нысанбайұлы Текетаев
1970 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.

2003 жылы Д.Қонаев атындағы университеттің заң факультетін (Алматы қ.) бітірген.

2001-2007 жылдары — Алматы қаласында сот орындаушысы, аға сот орындаушысы қызметтерін атқарған;

2007-2022 жылдары — судья, Талғар аудандық сотының төрағасы;

2022 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін – Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
 
Серік Кеңесұлы Төлегенов
1968 жылы Алматы облысы Айдарлы ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. 

1990-2003 жылдары — сот хатшысы, сот приставы, Жоғарғы Сот аппаратының консультанты;

2003-2007 жылдары — Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы;

2007-2022 жылдары — Ақтөбе қалалық сотының төрағасы, Алматы қаласы Алмалы ауданының No2 аудандық сотының төрағасы;

2022 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін – Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Кеше, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16