Атырау, 21 наурыз 0140
 ашықВ Атырау +7
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Ерлан Қошанов Назарбаев режимін сынады

257 просмотра

Мәжіліс отырысында спикер Ерлан Қошанов Назарбаев режимін сынады, деп жазады Азаттық Радиосы

“30 жыл бойы Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасындағы ел болды. Алайда жылдар бойы қолданыста болған модель уақыт өте келе күрделі саяси дағдарысқа әкелді. Бұл көбінесе қоғамды тітіркендіретін және елдің дамуын бәсеңдететін белгілі бір топтар мен бір жеке тұлғалардың қолына билік пен капиталдың шамадан тыс шоғырлануымен байланысты болды. Сондықтан үш жыл бұрын саяси жүйені модернизациялау үдерісін бастау – барлық билік бір қолға шоғырланған жағдайдан кету аса маңызды болды” деді ол. 

2019 жылы 19 наурызда елді 30 жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кетіп, орнына Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Тоқаев өз реформасын таныстырарда "Жаңа Қазақстан" ұғымын жиі қолданады. Дегенмен кей сыншылар “Жаңа Қазақстанның” ескісінен айырмашылығы аз деп санайды.

19 наурыз, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16