Атырау, 20 наурыз 22:49
 ашықВ Атырау +2
$ 500.32
€ 545.30
₽ 6.00

Қазақстанның су қоймаларындағы қазіргі жағдай қандай?

163 просмотра
Сурет: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Бүгінге жағдай келесідей:

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 9,95 текше метр, 
Сілеті су қоймасынан 1,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 30 текше метр су жіберілуде.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 29%-ға толы. 

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 584 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 652 текше метр су жіберілуде.

Батыс Қазақстан облысында Киров және Бітік су қоймаларынан секундына 10,6 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 8,1 текше метрден су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 20 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 19,4 текше метр және Шерубай-Нұрадан 13,8 текше метр су жіберілуде.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларынан секундына 10 текше метрден су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 18,3 текше метр, Петропавл су қоймасынан 14,52 текше метр су жіберілуде.

Кеше, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16