
Азамат 611-баптың 2-бөлігінде көзделген жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізушінің міндеттерін орындамауына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Іс материалдарына сәйкес, оқиға Атырау-Доссор тас жолында болған. Жүргізуші бүйірлік арақашықтықты сақтамай, қарсы жолақпен келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, бұл оның кінәсін ауырлатты.
Сот талқылауы барысында барлық қажетті дәлелдемелер, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және құқық бұзушының кінәсін растайтын жауап алу хаттамасы ұсынылды. Айта кетерлігі, азамат А. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.
Нәтижесінде сот қаулы шығарды, оған сәйкес азамат А. кінәлі деп танылып, 137 620 теңге айыппұл арқалады. Бұл шешім заңды күшіне енді. Құқық бұзушы енді салынған айыппұлды төлеуге міндетті.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА