Атырау, 19 наурыз 18:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 496.41
€ 542.77
₽ 6.05

Астанада университеттің бұрынғы қызметкері алаяқтық бойынша сотталды

221 просмотра

Астанада студенттер мен олардың ата-аналарын алдап, грантқа ауыстыру жөнінде уәде беріп, ақшаларын иемденген бұрынғы ЖОО қызметкері сотталды.

Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу секторында жұмыс істей отырып, ол студенттер мен олардың ата-аналарын академиялық үлгерім, грантқа ауыстыру және стипендияны қайтару мәселелерін «шешіп» бере алатынына сендірген.

2023-2024 жылдар аралығында ол алаяқтық жолмен 3 млн теңгеден астам қаржыны иемденгені анықталды. Оның әрекетінен 15 адам зардап шеккен.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын өтелді.

Кінәсін мойындап, залалды өтеуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескеріліп, ол 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Кеше, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16