Атырау, 20 наурыз 0425
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 500.32
€ 545.30
₽ 6.00

​Экс-судья Жолмановаға қатысты алаяқтық бойынша іс сотта қаралады

236 просмотра 14 пікір
Видеодан алынған кадр

Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасап айыпталған бұрынғы судья С. Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Тергеудің мәліметінше 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын қолды қылған.

Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іс жүргізуге біріктірілді.

Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

18 наурыз, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16