Атырау, 20 наурыз 04:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 500.32
€ 545.30
₽ 6.00

Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,9% құрады

200 просмотра 14 пікір

2025 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,9% құрады, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,1%, өңдеу өнеркәсібінде – 8,9% байқалады.

Өңірлер арасында едәуір өсу Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында белгіленді.

Өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

2025 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өнімдері 9112 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 4290 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 47,1%), өңдеуде – 4061,4 млрд. теңгеге (44,6%).

Көмір (114%), шикі мұнай (103,7%), металл кендерін (103,5%), өзге де пайдалы қазбаларды (112,8%) шығарудың артуына байланысты 2025 жылғы қаңтар-ақпанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 104,1% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылғы есепті кезеңде 2024 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда ӨӨИ 108,9%-ды құрады. Өсу тамақ өнімдері өндірісінде – 13,1%, сусындар – 11,4%, темекі өнімдері – 26,9%, кокс және мұнай өңдеу өнімдері – 7,2%, химия өнеркәсібі– 9%, резеңке және пластмасса бұйымдар – 6,8%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру – 21,6%, металл құюдан басқа қара металлургия – 9%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 20,1%, машина жасауда – 18,2% белгіленді.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемдерінің – 4,1%, құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және таратудың 5,1% төмендеуі есебінен ӨӨИ 96,9% құрады.

Сумен жабдықтау, суды бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2025 жылғы қаңтар-ақпанда ӨӨИ 93,2% құрады. Суды жинау, тазарту және бөлу көлемдері – 8%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 7,4% төмендеді.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Абай, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында белгіленді.

18 наурыз, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16