Атырау, 23 желтоқсан 23:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырауда “Жанұя және бала”: полиция 100-ден аса құқық бұзушылық анықтады

Сурет
668 рет қаралды

Атырау облысында 12-15 наурыз аралығында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Жанұя және бала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті.

Іс-шара барысында облыс бойынша 101 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
- ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша – 32;
- ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 2-бөлігі бойынша – 3;
- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша – 4;
- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша – 255 құқық бұзушылық тіркелді. Сонымен қатар, “Зорлық-зомбылық және жауапкершілік” тақырыбында облыс аумағында 100-ге жуық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Іс-шара аясында облыс бойынша 105 жайсыз отбасы тексеріліп, қосымша 9 отбасы жайсыз отбасылар есебіне алынды.

18 наурыз, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.