Атырау, 19 наурыз 02:27
 бұлттыВ Атырау +10
$ 496.41
€ 542.77
₽ 6.05

"Камикадзе-катерлері" мен дрондардың шабуылына тойтарыс: Каспийде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті

153 просмотра

Каспий теңізінің акваториясында генерал-майор Серік Борамбаевтың басшылығымен Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті. Оның белсенді кезеңін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қадағалады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі. 

Оқу-жаттығу командирлер мен тактикалық буын бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы мен кәсібилігін арттыруға, олардың ассиметриялық қауіп-қатерлер жағдайында жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу дайындығын тексеруге бағытталған.

Үш кезеңдік командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмылдыру ресурстарын қабылдау пунктерін орналастыруды, ұсынылған жолдарды практикалық тралдау, Ақтау теңіз порты кемелерінің кіруі мен шығуын, орналасу пунктерін және теңіз экономикалық қызметінің басқа да стратегиялық маңызды объектілерін күзету мен қорғауды қамтыды. Сонымен қатар, "күдікті" кемеге тексеру жүргізіліп, "апатты" кемеге көмек көрсетілді.

Оқу-жаттығу аясында теңіз миналары, жер үсті және әуе нысандары бойынша практикалық атыстар өтті. "Камикадзе-катерлердің", ұшқышсыз ұшу аппараттарының және әуе шабуылы құралдарының түрлі шабуылдарына тойтарыс берілді.

Командалық-штабтық оқу-жаттығу ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге ықпал етті.

Кеше, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16