Атырау, 19 наурыз 0250
 бұлттыВ Атырау +10
$ 496.41
€ 542.77
₽ 6.05

​Қазақстан мен Ресей су тасқынына қатысты күн сайын ақпарат алмасады​

103 просмотра

Су тасқынына дайындық аясында Қазақстан мен Ресей екі ел арасындағы барлық трансшекаралық өзендер бойынша күнделікті ақпарат алмаса бастады. Деректермен алмасу су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін жалғасады, деп жазады ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. 

Жыл басынан бері су тасқыны кезеңіндегі өзара іс-қимыл жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының екі отырысы өтті. Кездесуде тараптар су қоймаларының белгіленген және жоспарланған жұмыс режимдері туралы дерек алмасты, сондай-ақ су қоймаларына су ағыны және трансшекаралық өзендердегі күтілетін су деңгейі бойынша болжамдармен бөлісті. 

«Қазіргі уақытта Қазақстанның өзендері мен су қоймаларындағы су деңгейіне тұрақты бақылау жүргізілуде, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Су қоймаларында тасқын суды қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін бос сыйымдылықтар қамтамасыз етіледі. Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетін Ертіс пен Жайықты қоса алғанда 240 шақырым өзен арнасы тазартылды», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Кеше, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16