Атырау, 19 наурыз 02:50
 бұлттыВ Атырау +10
$ 496.41
€ 542.77
₽ 6.05

АҚШ Францияға Бостандық мүсінін қайтарудан бас тартты

151 просмотра
Фото: Brendan McDermid / Reuters

АҚШ-тың Ақ үйі Еуропарламент мүшесі Рафаэль Глюксманның Бостандық мүсінін Францияға қайтару туралы ұсынысына теріс жауап берді. Француз саясаткері бұл бастамасын АҚШ-тың демократиядан алыстап, «тирандар жағына шыққанымен» түсіндірді, деп хабарлйды Коммерсантъ.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт президент Дональд Трамп мүсінді Францияға қайтара ма деген сұраққа: «Мүлдем жоқ», — деп жауап берді. Ол сондай-ақ: «Бұл төмен деңгейдегі француз саясаткеріне айтарым — француздардың қазір неміс тілінде сөйлемеуінің себебі тек Америка Құрама Штаттарының арқасы екенін еске салу», — деді.

Бостандық мүсіні Францияда мүсінші Огюст Бартольдидің басшылығымен жасалып, он жылға жуық уақытты алған. Мүсін АҚШ-қа 1885 жылдың маусымында жеткізіліп, 1886 жылдың 28 қазанында президент Гровер Кливлендтің қатысуымен ашылу рәсімі өтті. 1984 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Қазіргі уақытта мүсін Нью-Йорк шығанағындағы Бостандық аралында, Манхэттеннен шамамен 3 км қашықтықта орналасқан.

Ақпан айының соңында Франция президенті Эммануэль Макрон Вашингтонға барып, Дональд Трамппен кездесті. Олардың әңгімесінің басты тақырыбы Украинадағы әскери қақтығысты реттеу болды. Макрон бұл пікір алмасуды «өте өнімді» деп атап, АҚШ президентімен сөйлескеннен кейін «алға жылжудың жолы бар екеніне толық сенімді» екенін айтты.

Кеше, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16