
Қазақстанда eGov.kz порталы мен мен да онлайн қызмет түрлері уақытша жұмыс жасамайды. Бұл шектеу 2025 жылғы 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін жүргізілетін жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты қойылып отыр, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.
Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:
- eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
- e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
- «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
- Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
Осыған байланысты, «ҰАТ» АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындап алуды ұсынады.