Атырау, 19 наурыз 02:27
 бұлттыВ Атырау +10
$ 496.41
€ 542.77
₽ 6.05

Солтүстік Македонияның түнгі клубындағы өрт: елде аза тұту күні жарияланды

132 просмотра

Солтүстік Македонияның Кочани қаласындағы «Pulse» түнгі клубында өрт шығып, 59 адам қайтыс болып, 155 адам зардап шекті, деп хабарлайды BBC

Төтенше жағдайға пиротехниканы қолдану себеп болған деп болжануда. Оқиға кезінде клубта танымал жергілікті «ДНК» тобының концерті өткен, оған шамамен 500 адам қатысқан.

Солтүстік Македония билігі өртке қатысты тергеу аясында 10 адамды қамауға алды, оның ішінде клубқа лицензия берген лауазымды тұлғалар да бар. Клубта тек бір ғана шығу есігі жұмыс істегені, ал артқы есіктің жабық болғаны анықталды.

Өрттен «ДНК» тобының тек бір мүшесі аман қалды. Көптеген қаза тапқан және жарақат алған адамдардың жастары 18-20 аралығында екені хабарланды. Премьер-министр Христиан Мицкоский бұл оқиғаны «ел үшін ауыр әрі қайғылы күн» деп атады. Елде жеті күндік аза тұту жарияланды.

Кеше, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16