Атырау, 11 сәуір 1455
 ашықВ Атырау +8
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

​Ақтөбе облысында айналма жолда су тасқыны тіркелді

129 просмотра
Сурет: ҚазАвтоЖол

2025 жылғы 18 наурыз таңғы 07:00 шамасында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді. Тасқынның ұзындығы 100 метрді, ал биіктігі 50 см құрады, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол. 

Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.

Сурет: ҚазАвтоЖол

Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

18 наурыз, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16