Атырау, 11 сәуір 20:26
 ашықВ Атырау +4
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

​БҚО прокуратурасы дропперді сотқа берді

115 просмотра
Сурет: freepik.com

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокуратурасы «WhatsApp» ақпараттық жүйесін қолданушылардан қаражат ұрлауға қатысы бар бір топ алаяқтарды сотқа берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Дроппер алаяқтық схемаларға белсене қатыса отырып, оның банктік шоты арқылы 4,8 миллион теңгеден астам ақшалай сома шығарылды.

Жәбірленушілер арасында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, сондай-ақ Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындары да бар.

Қазіргі уақытта Қаратөбе ауданы прокуратурасы айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2 және 3-бөлімдері бойынша сотқа берді.

Прокуратура алаяқтық бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырумен және мүлкін тәркілеумен жазаланатынын ескертеді.

18 наурыз, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16