Атырау, 18 наурыз 1916
 ашықВ Атырау +10
$ 499.04
€ 544.45
₽ 5.96

Атырауда мал жаю қағидаларын бұзған 17 адамға айыппұл салынды

Бейнежазба
314 просмотра 3 пікір

11-31 наурыз күндері аралығында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлады.

Іс-шара мал ұрлығының алдын алуға, оларды жасауға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған. Шара аясында қала аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 15 автокөлік және ет өнімдерін сататын 30 орын, 28 шаруа қожалықтары тексерілді. 

Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және ұжымдық шаруа қожалықтарына тексерулер жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен 14 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, 170 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Ал ҚР ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған үш адамға әкімшілік хаттама толтырылып, 120 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. 


Кеше, 23:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16