
Көктеммен бірге қала орталығы мен қала маңынан етене таныс боп кеткен түтін иісі қайта келді.
Түсініктеме үшін бірнеше ведомствоға хабарластық. Бірақ алынған жауаптар не болып жатқаны туралы толық мағлұмат болмады. Экология департаменті бұл ақпаратты тексеру үшін мамандарға жолдайтынын хабарлады. Қазгидромет бүгін ауа сапасы туралы анықтама ұсынды. Мониторинг деректеріне сәйкес, ауада күкіртсутек пен азот диоксиді шекті рұқсат етілген деңгейден асып түскен.
17.03.2025 ж. сағат 24:00-ден 10:00-ге дейінгі Атырау қаласындағы ауа сапасы
Атырау қаласындағы ауа сапасының мониторингі деректері бойынша ШРК келесі аудандарда асып кеткен:
№ 11 бекет (Дамбы ауылы, балық инспекциясының аумағы) – азот диоксиді бойынша ШРК-ның 2,4 ШРК-ға дейін асып кетуі тіркелді (31 жағдай).
№12 бекет (Ақшағала ықшам ауданы, 2 көше, 1а үй) – азот диоксиді бойынша 5,7 ШРК-ге дейін ШРК асуы тіркелді (25 жағдай).
№15 бекет (Әуезов даңғылы, 28а, «Мұнайшы» стадионы аумағында) – азот диоксиді бойынша 2,2 ШРК-ге дейін ШРК асуы тіркелді (31 жағдай).
№17 бекет (Самал ықшам ауданы, 7 көше, 42-үй аумағында) – күкіртсутегі бойынша 1,5 ШРК-ға дейін ШРК асуы тіркелді (27 жағдай); азот диоксиді бойынша 2,7 ШРК-ге дейін (31 жағдай).
Дамбы, Ақшағала, Самал, Мұнайшы аудандарында ауа ерекше ластанған. ТЖД бүгін, 17 наурызда «ештеңе тіркелген жоқ» деп хабарлады. Ендеше мониторинг датчиктері не көрсетіп тұр? ШРК асуы қайдан алынып тұр?
Соңғы бірнеше жылда Атырау тұрғындары қаладағы жағымсыз иістерге, әсіресе көктем мен күзде жиі шағымданады. Алайда, әр мәрте сайын ведомство бұзушылықтар тіркемейді немесе ресми жауап берумен шектеледі. Ауаның ластануына нақты не себеп және ластану көздерін анықтау неліктен мүмкін болмай отыр? Мұның қашанға дейін жалғасатынына ешкім жауап бере алмайды.
Айнұр САПАРОВА