Атырау, 18 наурыз 1633
 ашықВ Атырау +11
$ 499.04
€ 544.45
₽ 5.96

Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттары жекешелендіріле ме?

301 просмотра 12 пікір
Ашық дереккөзден алынған сурет

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Ахметов Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің талдауы аясында аталған активтерді жекешелендіру ұсынылған болатын. Жекешелендірудің жобасы да ұсынылып, алдын ала мақұлданды. Зауыттардың мемлекетке тиесілі 50 пайыз активін жекешелендіру ұсынылып отыр», — деді ол.

Рустам Ахметовтың айтуынша, басқарудың мұндай үлгісі Шымкент МӨЗ-де сәтті жұмыс істеп тұр.

«Оның да 50 пайыз активі жекенің қолында. Ең бастысы, басқару формасы жеке меншікте», — деді ол.

Кеше, 20:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16