Атырау, 29 қазан 23:36
 дождьВ Атырау +12.3
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Қазақстанда «Уылдырық шашу» кең ауқымды балық қорғау акциясы басталады

700 рет қаралды

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізіледі, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті.  

Өңірлік және ауа-райы-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, акция 2025 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында еліміздің түрлі облыстарында әр түрлі уақытта өтеді.

Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Есіл, Зайсан-Ертіс, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының басшыларына балық қорларын қорғау жөніндегі шараларды күшейту тапсырылды. Браконьерлікпен күреске, уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салудың сақталуын бақылауға, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге басты назар аударылатын болады.

Акция аясында рейдтік іс-шаралар, су айдындарының мониторингі және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын тексеру жоспарланған. ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті балықшылар мен азаматтарды белгіленген шектеулерді сақтауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға шақырады.


17 наурыз 2025, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.