Атырау, 11 сәуір 1045
 бұлттыВ Атырау +11
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

​Алматыда "Жаңа адамдар" белсенділері тағы бір педофилді әшкереледі

353 просмотра

Жаңа адамдар желідегі әлеуетті педофилдерді іздеу бойынша эксперименттерін жалғастырады. 

Белсенділер 12 жасар қыздың атынан анкета ашып, оны танымал әлеуметтік желілердің біріне жүктеді. Көп ұзамай өзін «Әділет» деп таныстырған ер адам 12 жасар баланың профиліне қызығушылық танытты. Ол кішкентай қызға порнографиялық мазмұндағы суреттер мен бейнежазбаларды жібере бастады. Кейін «Әділет» ашық түрде жыныстық қатынасқа түсуді ұсынып, қыздан өзін жалаңаш түрде бейнежазбаға түсіруін сұрады. Өз дегеніне жете алмаған соң, «ва-банкке» барып, қызды «кино көруге» шақырды. Чипсы мен кола сатып алып, ол біз көрсеткен мекенжайға – баланың үйіне келді.

Кішкентай баланың орнына оны Жаңа адамдардың «124» азаматтық науқаны белсенділері қарсы алды. Өзінің ұсталғанын түсінген ол қашуға әрекеттенді. Алайда, пәтердің шыға берісінде оны «қарабет дәлізі» күтіп тұрды. Белсенділер оның түрін бейнежазбаға түсіріп, мүмкіндігінше көп адам оның кім екенін білу үшін кадрларды желіге жариялады.

Жаңа адамдар белсенділері алған барлық материалдар, хабарламалар мен байланыстар құқық қорғау органдарына берілді. Полиция қызметкерлеріне бұл эксперименттің өткізілуі туралы алдын ала ескертілді.

17 наурыз, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16