Атырау, 30 наурыз 1148
 ашықВ Атырау +23
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Каспий маңындағы қамыс екі күн жанған

484 просмотра
Видеодан стоп-кадр

16 наурыз күні сағат 18:40-та Новокирпичный ауылынан Каспий теңізіне қарай 30 км қашықтықта шамамен 4 га аумақта қамыс өсімдіктері жанды.

Атырау облысы ТЖД күштері жұмылдырылып, сапалақтың және мотопомпаның көмегімен жануды жою жұмыстарын жүргізді. Сағат 22:00-ге қарай қамыс өрті толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖД жеті қызметкері, бір техника (Трэкол), бір мотопомпа жұмылдырылды.

Бір күн бұрын, 15 наурыз күні сағат 14:40-та Каспий теңізінің жағалауында жағадан 40 шақырым жерде «Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» ММ аумағында алты гектар аумақтағы батпақты алқапта қамыс өртенді.

Өртті сөндіруге орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сағат 23:00-де өрт оқшауланып, 16 наурыз күні сағат 18:00-де толығымен сөндірілді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртті сөндіруге мекеменің 13 қызметкері мен үш қайық жұмылдырылды.

17 наурыз, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16