Атырау, 30 наурыз 23:29
 ашықВ Атырау +17
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан дүңгіршектен ер адамды құтқарды

Бейнежазба
506 просмотра

Бүгін таңертең, 17 наурыз сағат 08:57-де Атырау қаласы Азаттық даңғылында тұрғын үйге бейімделген дүңгіршек өртенді. Өтіп бара жатқандар қою түтінді байқап, шұғыл қызметті шақырған.

Аталған мекенжайға құтқарушылар дереу жетіп, аумағы 30 шаршы метр болатын дүңгіршекте тұрмыстық заттар мен жиһаздардың жануын анықтады. ТЖД қызметкерлерінің көмегімен контейнерден 1958 ж.т азамат құтқарылды.

АМО бригадасымен алғашқы медициналық көмек көрсетілді және ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. АМО психологы зардап шегушінің туысқандарына психологиялық көмек көрсетті.

Өрт сағат 09:24-те толықтай өшірілді. Шақыртуға Атырау облысы ТЖД 9 құтқарушы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. 

Өрт себебі анықталуда. Атырау облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.


17 наурыз, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16