Атырау, 11 сәуір 0941
 бұлттыВ Атырау +11
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады

324 просмотра

Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның аталған саланы дамыту жөніндегі жоспарын таныстырып, таяуда Ядролық энергетика агенттігін құру туралы маңызды шешім қабылданғанына назар аударды. Бұл ұлттық экономика алдындағы стратегиялық міндетті жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді.

Президент Қытай Халық Республикасының атом энергетикасында көшбасшы саналатын CNNC тәжірибесіне еліміздің қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Шэнь Яньфэн Мемлекет басшысына компанияның Қытайдағы және одан тысқары жерлердегі жобалары туралы мәлімет берді.

Әңгімелесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланатын озық технологияларды зерделеу және қазақстандық мамандарды оқыту бағытындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

17 наурыз, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.