Ангела Меркель сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Германия канцлері оны ортағасырлық Зелигенштадт қаласында митингпен бастады. Митингке мыңға жуық қала тұрғыны жиналды, деп хабарлады YTPO.ru.
Меркель өз жақтаушыларына елдің сенімді қолда екенін айтып, Германияны дағдарыстан алып шыға алатынын мәлімдеді. Және ұлттың дамуына одан әрі үлес қосатынын хабарлады.
Жалпыға ортақ сайлауларға дейін бес апта қалғанда Меркельдің консервативтік тобы Әлеуметтік-демократиялық партияның оппозициясына қарағанда үлкен басымдыққа ие болып отыр.