Атырау, 31 наурыз 20:23
 ашықВ Атырау +14
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Ресей Украинаның НАТО-ға кірмейтініне «темірдей кепілдік» талап етеді

489 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко «Известия» басылымына берген сұхбатында, Мәскеу кез келген бейбіт келісімде Украинаның НАТО-ға мүше болмай, бейтарап ел болып қалуына кепілдік беруді талап ететінін мәлімдеді. Бұл туралы BBC хабарлады.

«Біз бұл келісімнің бір бөлігі ретінде қауіпсіздіктің темірдей кепілдігін талап етеміз. Бұл кепілдіктердің бір бөлігі ретінде Украинаның бейтарап мәртебесі және НАТО елдерінің оны альянсқа қабылдаудан бас тартуы болуы керек», – деді дипломат.

Грушконың мәлімдеуінше, Украинаға қатысты кез келген ұзақ мерзімді бейбіт келісім Мәскеудің талаптарына сай болуы тиіс. Сонымен қатар, ол НАТО елдерінен Украинаға бітімгерлерді орналастыруға қарсы екенін айтты. «Бітімгерлік пен НАТО – мүлдем үйлеспейтін нәрселер», – деді ол.

Ұлыбритания мен Франция Украинадағы атысты тоқтатуды бақылау үшін бітімгерлік күштерді жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Ал Франция президенті Эммануэль Макрон бұл мәселені шешу Киевтің құзырында екенін айтты.

17 наурыз, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16