
Прокуратура балалардың мектепке дейінгі мекемеде тамақтандырусыз қалуының алдын алды.
Қарағанды қаласының кәсіпкері прокуратура органдарына мектепке дейінгі мекемелердің бірін тамақтандыру қызметін көрсету шартын ұзартудан негізсіз бас тартқаны туралы шағымданды.
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес шартты ұзартудан бас тартуға тамақтандыруға қойылатын талаптардың жүйелі түрде бұзылуы анықталған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мұндай бұзушылықтар анықталмағандықтан, жаңа конкурстық рәсімдерді жариялау заңсыз болып табылады және жаңа жеткізушіні таңдау кезінде балаларды тамақтандырудың уақытша үзілуіне әкелуі мүмкін.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, балалар мен кәсіпкердің құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.