
16 наурыз күні кешке Әзірбайжан армиясының позицияларына оқ атылды, деп хабарлайды АА.
2025 жылдың 16 наурызында кешкі уақытта Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері Горис ауданының Бурун елді мекені бағытындағы позициялардан Әзірбайжан армиясының позицияларын бірнеше рет атыс қаруынан атқылады (20:10-дан 20:45-ке дейін).
Сол күні шамамен 18:35-те Горис ауданының Хазинавар елді мекені бағытындағы позициялардан да атыс қаруынан оқ атылды.
Таңертең 09:45-те Горис ауданының Дыг елді мекені бағытындағы позициялардан Әзірбайжан армиясының позициялары атқыланды. Бұл туралы Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі хабарлады.