
Маңғыстау облысының прокуратурасы кешенді тексеру нәтижелері бойынша «Buzachi Operating Ltd» (Бузачи Оперейтинг Лтд) компаниясы филиалының қызметінде өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Компания 6 жыл бойы мұнай мен газдың жоғалуымен жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген, сондай-ақ уәкілетті органның рұқсатынсыз шикі газды жағуды жүзеге асырған. Прокурорлар қабылдаған шаралар бойынша сот шешімдерімен Компанияныжалпы сомасы 8,4 млрд теңгеге залалды өтеуге міндеттеді.
Апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың шешімдерін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.
Осы жылдың наурыз айының басында Компания мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді.