Атырау, 8 сәуір 1057
 ашықВ Атырау +24
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Ерекше дәмді кофе: Атырауда инклюзивті кофехана ашылды

630 просмотра

Атырауда алғаш рет ерекше жасөспірімдер қызмет көрсететін жаңа инклюзивті кофехана ашылды. “BelYes” деп аталатын кофехана Нұрсая ықшамауданындағы “Зейін-Атырау” ерекше балаларды дамытуға арналған орталық жанынан ашылды. 

Жаңа нысанның ашылуында «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева бұл кофехана“Зейін-Атырау” ерекше балаларды дамыту орталығының негізін қалаушы Альфия Нұғыманованың арманы екенін атап өтті. 

– Орталықтың негізін қалаушы Арайлым Нұғыманова көзі тірісінде Америка сапарларынан алған әсерлерімен бөлісіп, инклюзивті кофехананы іске асыруды армандайтынын айтушы еді. Бұл орын кеңейіп, болашақта жүздеген ерекше бала қызмет көрсететін, оларды қоғамға бейімдейтін үлкен ортаға айналуына тілектеспіз, – деді Альфия Адиева. 

Орталық жетекшісі Әнуар Бегісбаевтың айтуынша, кофеханада қазір екі жасөспірім қызмет етуде. Олар келушілерге дайындалған кофені ұсынып, даяшылық қызметін атқаруда. 

- “Белес” жобасы аясында он жасөспірім арнайы оқытудан өтіп жатыр. Алдағы уақытта олар кофехананың басқа да қызметтерін біртіндеп өздері атқаратын болады. “BelYes” кофеханасында қызмет ететін әр бала өз талантын көрсетіп, жұмыс тәжірибесін жинақтай алады. Бұл әр баланың әлеуетін ашуға, өзін-өзі дамытуға және қоғамда белсенді болуына мүмкіндік беретін орын. Мен бүгінде марқұм жездем мен әпкем – Нұрболат Нәсіпқалиұлы мен Арайлым Бағытжанқызының армандарын сәтті іске асырғанымызға қуаныштымын, – деді Әнуар Бегісбаев. 

Сонымен қатар, бұл жерде ерекше балалардың қолынан шыққан тәттілер мен қолөнер бұйымдары келушілерге ұсынылады. Бұл орын ерекше қажеттіліктері бар балаларға жұмыс орнын ұсынып, олардың қоғаммен байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.Айта кетейік кофеханада бір уақытта 15 адамға дейін қызмет көрсетіледі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 наурыз, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16