Атырау, 8 сәуір 1312
 ашықВ Атырау +16
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Соңғы сапарға шығарып салатын жол жоқ

Бейнежазба
719 просмотра
Видеодан стоп-кадр

Атырау қаласындағы Алғабас ауылының тұрғындары зиратқа баратын жолдың жоқтығынан жақындарын соңғы сапарға шығарып салу кезінде үлкен қиындықтарға тап болып жүр. 

Жақында желіде марқұмды жерлеуге алып бара жатқан көліктің зират ауласында батып қалып, оны басқа көліктердің сүйреп жатқаны түсірілген видео тарады.  

- "Өліні құрметтеу – үлкен міндет. Тым болмаса қайтқан адамды ақтық сапарға дұрыс шығарып салу үшін жолды тегістеуге болмай ма? Мұнайлы Астана атанған қаламызға бұл ұят жағдай", – дейді тұрғындар. 

Олардың айтуынша, тек Алғабас емес, Ноғай зиратына баратын жол да дәл осындай күйде. 

- Қанша жылдан бері әкеміздің басына бара алмай келеміз. Балшық болған күндері мүлде кіру мүмкін емес. Оның үстіне, зират айналасын түгел қоршап тастады. Зиратқа кіретін бір жол, оның өзі көктемде көлік кіре алмай жатады, – дейді тағы бір тұрғын. 

 Қалалық әкімдік бұл мәселені назарға алғанын мәлімдеді. 

- Жол жөндеу жұмыстары басталғанда, зиратқа кіретін жол қалыпқа келтіріледі. Қала жолдарын жөндеу кезінде алынған асфальт жабындылары (фреза) зиратқа апаратын жолға төселеді, – деп жауап берді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 наурыз, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16