Атырау, 20 наурыз 17:49
 ашықВ Атырау +5
$ 500.32
€ 545.30
₽ 6.00

Атыраулық бүркіт республикалық турнирде топ жарды

396 просмотра

13-16 наурыз күндері Талдықорған қаласында құсбегіліктен «Жетісу Салбурыны – 2025» республикалық турнирі өтті. Үш күнге созылған додада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 54 құсбегі өз шеберліктерін сынға салды.

Бүркіт салу жарысында Атырау облысының намысын қорғаған Арман Қошқаровтың «Нарын» атты қыран құсы үздік өнер көрсетіп, алтын медаль иеленді. Алматы облысының өкілдері Алмас Сейітжан күміс, Бексұлтан Сейітжан қола жүлдеге қол жеткізді.

Жалпы, жарысқа Астана мен Алматы қалаларынан, сондай-ақ Алматы, Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан 51 бүркіт, 7 ителгі және 15 қаршыға қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер Құсбегілік федерациясынан

17 наурыз, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16