Атырау, 18 наурыз 19:16
 ашықВ Атырау +10
$ 499.04
€ 544.45
₽ 5.96

Доссордағы құрылыс: сапасы қандай?

Сурет
353 просмотра 3 пікір

Мақат ауданы Доссор кентіндегі 60 пәтерлік үйдің құрылысын тұрғындар сынға алды. 

- 2025 жылдың 19 ақпанында атқарушы орган, облыстық құрылыс басқармасы маманы және қоғам өкілдері болып осы құрылыс басында болып, зерделеу жұмысын жүргізген болатынбыз. Онда үй қабырғасының жарлары дұрыс қаланбағаны және басқа да кемшіліктер бары анықталды. Біз осы кемшіліктерді жою, болмаса мердігер жұмысын тоқтатып, басқа мердігерге беру жөнінде мәселе көтергенбіз. Құрылыс сапасыз салынуда, мемлекеттің ақшасы желге ұшып жатыр. Құрылысты жүргізіп жатқандар өз ісіне сай маман емес. ГАСК келіп кеткенін енді біліп отырмыз, олар қандай кемшіліктерді анықтады, біз білмеудеміз. Қыс кезінде анықталған кемшіліктер не болып жатыр? Бұл жерге 300-ге тарта адам қоныстанады. Сол үшін облыс әкімі Серік Шәпкенов өз қадағалауына алғаны жөн, - дейді қоғам белсендісі Ғазиз ҒАБДУЛЛИН.

Үш қабатты 60 пәтерлік үйдің құрылысының мердігері "СамалНефтьСтрой" ЖШС, техникалық қадағалаушы "ЖайықСтройМонтаж" ЖШС, авторлық қадағалаушы "АтырауЭкспертПроект" ЖШС, ал тапсырысшысы инвестор НКОК компаниясы.

Құрылыс жұмысы 2023 жылдың 10 қарашасында басталып, 2025 жылдың 9 мамырында аяқталуы тиіс. Бүгінде шатыры да жабылмаған құрылыста жұмыс жетерлік. 

Жуырда Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Мақат ауданы Доссор кентіндегі 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйінің құрылысына тексеру жүргізді. Тексеру барысында құрылыс нормаларын бұза отырып, құрылыс жүргізгендігі анықталды. Тексеру нәтижесіне сәйкес мердігер мекемесіне ҚР ӘҚБтК-нің 312 бабы 1-ші бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, анықталған құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген болатын.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16