
Бүгін сағат 9:35 шамасында Атырау облысы Құлсары станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қатардағы полицейі Әлихан Ахметов вокзал аумағын патрульдеу барысында жұбайы оған шұғыл қоңырау шалды. Ол вокзал маңында орналасқан үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққанын хабарлады, деп мәлімдеді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дереу оқиға орнына барған Әлихан Ахметов төтенше жағдайға тап болды. Көлік полицейі өрт тараған сәтте келіп, жедел жағдайды саралап, дереу әрекет етуге көшеді. Қатты түтін мен қауіпке қарамастан, полиция қызметкері ғимараттан адамдарды эвакуациялай бастады.
Ол кәмелетке толмаған үш бала мен әжейдің шығуына көмектесті. Өрт сөндіру бөліміне жедел хабарласып, 101 нөміріне қоңырау шалды.
Сонымен қатар, қатардағы Ахметов ішінде ешкім қалмағанына көз жеткізу үшін жанып жатқан пәтерге кіруден қорықпады. Алайда, өрт пен түтіннің қарқындылығына байланысты полиция қызметкері бөлмені тексеруді жалғастыра алмады. Өзін құтқарып қалу үшін ол екінші қабаттан секірді.
21 жастағы қатардағы полицей Әлихан Ахметов ІІО-да 2025 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етіп келеді. Оның төтенше жағдайдағы әрекеті батылдық пен адалдықтың жарқын үлгісі болды. Жас болғанына қарамастан, Әлихан ерекше табандылық пен төтенше жағдайларда әрекет етуге дайын екенін көрсетті. Оның әрекеті әріптестері үшін шабыт беріп, қызметке деген адалдық үлгісін көрсетті. Сондай-ақ әріптестері жас қызметкердің алдағы уақытта да антына берік болатынына зор сенім артады.