
ҚТЖ басшылығы Атырау-Орал учаскесінде теміржол инфрақұрылымының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Алдыбергенов жұмыс сапарымен Атырау, Орал өңірлерінде орналасқан кәсіпорындарға барып, көктемгі кезеңде инфрақұрылым мен персоналдың жұмысқа дайындығына тексеріс жүргізді.
Сапар барысында ол Соколок, Орал және Шаған өзендері арқылы өтетін көпірлерді аралап, Орал станциясында шайып кетуге қарсы пойыздың құрылуын бағалады, ТЖД басшыларымен кездесті.
Сондай-ақ комиссия геосинтетикалық материалдар шығаратын зауытқа, вагон жасау зауытына және Атырау локомотив депосына барды.
Жұмыс сапары аясында БҚО ТЖД өкілдерімен кездесу өтті, онда су тасқынының ықтимал салдарын болдырмау және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды.