
Осы жылы Атырауда алты мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Тағы үш мектептің құрылысы басталады, оның ішінде Ломоносов атындағы мектеп те бар.
Атырау облыстық білім басқармасының мәліметінше, облысымызда 300 орындық қарапайым бір орта мектепті ұстау үшін жылына бюджет 292 миллион теңге шығындайды.
1200 орынға – 1 млн 189 мың теңге. Бұл сомаларға мұғалімдер мен қызметкерлердің жалақысы, салықтар мен басқа да міндетті төлемдер, коммуналдық қызмет төлемдері және тамақтану, ағымдағы жөндеу және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қоса алғанда, мектептің барлық шығындары кіреді.
"Атыраудағы жайлы мектепті ұстау мен қарапайым орта мектепті ұстаудың айырмашылығы бар ма?" деген сұраққа, "ешқандай айырмашылық жоқ" деп жауап берді.?"
Ал, үшінші жыл жоспарлы түрде бұзылмай, бос тұрған Ломоносов атындағы мектепке келейік. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Света Аманшиеваның айтуынша, қазіргі таңда жаңа мектеп құрылысының жобалау жұмыстары аяқталуда. Жобалық-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылыс жұмыстары басталады. Жоспарланған іске асыру мерзімі - 2024-2026 жылдар.
Оны кім салатыны әзірге белгісіз.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА