Атырау, 15 наурыз 1148
 ашықВ Атырау +16
$ 505.15
€ 550.31
₽ 5.89

​Президент: "Біз әлдеқашан әлемдегі алпауыт аграрлық мемлекеттің бірі болуға тиіс едік​"

271 просмотра
Сурет: Akorda.kz
Президент аграрлық салада жемқорлықты жоюға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін екі есеге ұлғайтуға және еңбек өнімділігін үш есеге арттыруға бағытталған ауқымды реформалар қажеттігін мәлімдеді. Болашақта Қазақстан дәнді дақылдарды терең өңдеу өнімдерінің әлемдік жетекші өндірушілерінің қатарына кіруі тиіс.

«Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор екені белгілі. Енді соны тиімді пайдаланатын кез келді.

Еліміздің әуелгі мүмкіндіктеріне қарасақ, біз әлдеқашан әлемдегі алпауыт аграрлық мемлекеттің бірі болуға тиіс едік. Бірақ ауыл шаруашылығына жеткілікті қаржы салынған жоқ. Бұл саланы жемқорлар мен алаяқтар иемденіп келді. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер де болды. Жалған мәліметтердің кесірінен мемлекет қағаз жүзіндегі мал санына жылдар бойы субсидия төледі. Қазір қордаланған мәселенің бәрін шешіп, агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр.

Біз алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет.

Қазақстан 10 жыл ішінде бидайды терең өңдеп, дайын өнім өндіретін және оны әлемдік нарыққа шығаратын ең үздік он елдің қатарына қосылуға тиіс»

Кеше, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16