Атырау, 15 наурыз 0404
 ашықВ Атырау +11
$ 505.15
€ 550.31
₽ 5.89

Жылыой ауданы мен ТШО жұмыссыздықты азайту мақсатында меморандумға қол қойды

212 просмотра

7 наурыз күні Жылыой ауданында жұмыссыздықтың алдын алу немесе төмендету бойынша аудан әкімшілігі мен ТШО компаниясы арасында маңызды меморандумға қол қойылды. 

Аудандық әкімшіліктен алынған мәлімет бойынша, жыл басынан бері мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде 2889 адам тіркелген. Олардың арасында Теңіз кенішінен қысқартуға ұшырап,  жұмыссыз қалғандар бар. 2025 жылдың қаңтар айында жұмыстан босатылған адамдар саны 78 адам. Оның ішінде мансап орталығына ресми тіркелгендер саны-26. Тіркелген азаматтардың 8-і қаңтар айында әлеуметтік жәрдемақы алған. 2024 жылы жалпы жұмыстан босатылған адамдар саны 587 адамды құрады.

2025 жыля 490 адам жұмыспен қамтылса, оның 149-ы тұрақты, 341-і уақытша жұмысқа ораналастырылған. Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орнына 40 адам жоспарланып, 20-сы қамтылған. Сонымен қатар жастар тәжірбиесі бағдарламасына сай 37 адам тәжірбие жинақтауға жолданған. Ақылы қоғамдық жұмысқа 275 адам тартылып, күміс жас бағдарламасына 36 адам ие болған. Сондай-ақ алғашқы жұмыс орны бағдарламасымен жасы 35 жасқа толмаған және мүлдем жұмыс жасамаған 6 адам жұмысқа орналасқан еді.

Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша 400 АЕК ( айлық есептік көрсеткіш 1572800 теңге) көлемінде қаражат әлеуметтік осал топтарындағы 35 адамға беру жоспарланған. 

Жалпы ауданда жұмыспен қамту, жұмыссыздар санын қысқарту немесе алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жақында Жылыой ауданының әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ пен "Теңізшевройл" ЖСШ-нің бас директоры Кевин ЛАЙОН және аталған компанияға қарасты 40 мекеменің басшылары жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында үшжақты меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты - өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың алдын алу. Бұл келісім аймақтың еңбек нарығын нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақшы дейді. 

"АЖ" редакциясы меморандумның қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылауға алатын болады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16